+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Өскеменде көлік қаққан ер адам көз жұмды

2021 жылғы 22 маусым 13:07
Бөлісіңіз:
Өскеменде көлік қаққан ер адам көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көлік қаққан ер адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да анасымен жанжалдасқан 45 жастағы ер адам асылып қалмақ болды Қостанайда жүк көлігін соққан жүргізуші мерт болды ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 20 маусым күні сағат 23.00 шамасында Өскеменнен Семейге шыға беріс жолда болған.

«ВАЗ-212014» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Нұрлы көш ауылының маңында 38 жастағы азаматты қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыратын жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT