+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

Өскеменде интернет-алаяқтық өршіп тұр

2020 жылғы 20 мамыр 23:56
Бөлісіңіз:
Өскеменде интернет-алаяқтық өршіп тұр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Өскемен қаласында 209 интернет арқылы жасалған алаяқтық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, OLX сайтында – 38, Kolesа сайтында – 82, онлайн кредит бойынша – 63, Instagram әлеуметтік желісі арқылы – 26 тұрғын алданып қалған. Осыған байланысты жедел-тергеу штабы құрылып алаяқтар анықталуда. Бүгінде тәртіп сақшылары 41 қылмысты ашқан.

«Банк қызметкерлері де полицейлер де еш уақытта сізге телефон арқылы хабарласып немесе мессенджермен жазып, логин, кілтсөз секілді құпия мәліметтерді сұрамайды. Ал қажет болған жағдайда банктегілер «біздің кез келген бөлімшемізге келіп кетіңіз» деп өтінуі мүмкін. Себебі телефон арқылы ондай мәселелер шешілмейді. Интернеттегі алаяқтық бойынша жауапқа тартылған азаматтар 4000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл төлейді. Не болмаса 4 жылға бас бостандығынан айырылады», - дейді басқарма бастығының орынбасары Ғалымбек Тұрысбеков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT