Өскеменде Гематология орталығы салынбақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Гематология орталығы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде алдағы уақытта Гематология орталығы бой көтереді. Қазірде орталыққа медициналық мамандарды дайындау мәселесі қарастырылуда.

«Өскеменде еліміздегі алғашқы Гематология орталығының құрылысы басталған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бір ай ішінде штаттық кесте әзірлеуі қажет. Біздің мақсатымыз – дәрігерлер мен медбикелерді жілік майын трансплантациялау, трансфузиология және гематология бағыттары бойынша алыс және жақын шетелдердің жетекші клиникаларында оқыту», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Жобаға сәйкес аталған орталықта гематология, жілік майын трансплантациялау бөлімі, сондай-ақ ИГХ патоморфологиясы, трансфузиология және КДЗ зертханалық тобы, ПТР, ФИШ, генетика зерттеханалары жұмыс істейді деп жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар