Өскеменде екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 ақпан күні Өскеменде көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен 1-2 колледж студенттеріне сабақ болмайды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертең облыстық білім басқармасы Семей мен Өскеменде көктайғаққа байланысты 1 ауысымдағы мектеп оқушыларына сабақ болмайтынын мәлім еткен еді .


Соңғы жаңалықтар