Өскеменде дүкеннен өрт шығып, 9 адам эвакуацияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында дүкен өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен өртенген.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 9 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның ішінде 2 бала бар.

«Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. Қызыл жалынның шығу себебі - жарықтандырылған сөренің апаттық режимде жұмыс істеуінен болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте құтқарушылар объектілердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.


Соңғы жаңалықтар