​Өскеменде денсаулық сақтау мекемелерінің бірі өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы денсаулық сақтау мекемелерінің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт Карл Либкнехт көшесінде орналасқан Репродуктивті медицина орталығынан шыққан. Құтқарушылар бірден оқиға орнына аттанған.

«Өрттің жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат 17.55-те толықтай сөндірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, құтқарушылар мекемеден бес адамды эвакуациялаған. Жалынды ауыздықтауға 37 адам мен 12 техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар