Өскеменде «Біздің Абай» әдеби трамвайы жолға шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында «Біздің Абай» әдеби трамвайы жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Өскеменде ұлы ақынның 175 жылдығына орай «Біздің Абай» әдеби трамвайы жолға шыққан. Қоғамдық көліктің ішіне хәкімнің қара сөздері, өлеңдері қойылды. Оның іші мен сыртын әсемдеуге Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері атсалысқан.


«Бұл трамвайды жуықта күрделі жөндеуден өткіздік. Жолға шығарар алдында осындай ой келді. Осы арқылы біз ұлы Абайдың рухани мұрасын насихаттағымыз келеді» - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

«Біздің Абай» әдеби трамвайы жыл соңына дейін жүретін болады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде Абайдың 175 жылдығына орай 100-ге жуық шара өткізілетіні хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар