+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Өскеменде биыл 16 жасөспірім өз өзіне қол жұмсамақ болған

2021 жылғы 17 қыркүйек 14:49
Бөлісіңіз:
Өскеменде биыл 16 жасөспірім өз өзіне қол жұмсамақ болған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жыл басынан бері 16 жасөспірім өз өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда жасөспірім бала өлі күйінде табылды 20 күн үйіне қонбаған: Атыраулық жасөспірім Ақтаудағы мектеп-интернатқа жіберілді

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл кәмелет толмағандар арасында суицид жасамақ болғандар саны біршама артты. Өткен жылы осындай 5 факті тіркелсе, осы жылы мұндай қадамға 16 бала бармақ болды.

«Алты жасөспірім қолын тілсе, тағы алтауы дәрі ішкен. Үш бала асылып қалмақ болса, біреуі биіктен секірді. Абырой болғанда, олардың бәрі аман қалды. Аталған фактілердің әрқайсысы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына (өз өзіне қол жұмсауға итермелеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған», - дейді ПБ бастығының бірінші орынбасары Орал Рыспаев.

Статистика көрсеткендей, көп жағдайда 13-16 жас аралығындағы қыздар суицид жасамақ болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT