+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Өскеменде адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

2018 жылғы 3 мамыр 12:32
Бөлісіңіз:
Өскеменде адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалаған көлік жүргізушісін анықтап, ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұсталған жүргізуші үш күн бұрын Тәуелсіздік көшесі, №11 үйдің тұсындағы жүргіншілер жолағында жаяу адамды қағып кеткен. Ол 26 жастағы Өскемен тұрғыны болып шықты.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 25 жастағы зардап шегуші көп жарақат алып, ауруханаға түсті.

«Полицейлер адамды қаққан көліктің сұр түсті Toyota Sienna екендігін анықтады. Өскемендегі және оған жақын орналасқан елді мекендердегі барлық Toyota маркалы автокөліктерді тексеріп, камералардың көмегімен олардың қозғалыс бағыттарын анықтаған», - деп мәлім етті ШҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, барлық қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT