Өскеменде Абайдың 175 жылдығына орай 100-ге жуық шара өтеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығында Абайдың 175 жылдығына орай 100-ге жуық шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарать тілшісі.

Өскемендіктер Абайдың ұлы тойын алғашқылардың бірі болып бастады. Қала тұрғындары, студенттер, волонтерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері Республика алаңындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақынның «Көзімнің қарасы» әнін әуелете шырқады.

«Ұлы ақынның 175 жылдығында той тойлап емес, ой ойлап, өрісімізді кеңейтіп, рухани санамызды жаңғыртуымыз керек. Өскемен қаласында мерейтойға орай жұмыс жоспары құрылып, комиссия құрамы бекітілген болатын. Жыл көлемінде ұйымдастырылатын іс-шаралардың тізімін жасадық. Қала бойынша жалпы саны ірілі-ұсақты 100-ге жуық шара өткізіледі», - деді Өскемен қалалық мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин.



Соңғы жаңалықтар