Өскеменде «Абай әлемін ашу» кітабының тұсаукесері өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық Өнер музейінде «Абай әлемін ашу» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абайдың 175 жылдығына орай бүгін аталмыш музейдің экспозициялық көрме секторының меңгерушісі Лариса Мартынованың «Абай әлемін ашу» атты кітабының тұсауы кесілді. Үш тілде жарық көрген бұл кітап өнер ошағының қорындағы ұлы ақын жайлы облыс суретшілері салған туындылар туралы сыр шертеді.

«Осы жылдың тамыз айында Семей қаласы мен Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында хәкім мерейтойы халықаралық деңгейде атап өтілмек. Сондай-ақ 10 мемлекеттің суретшілері қатысатын халықаралық плэнер ұйымдастырылады. Біз бұл кітапты сол пленэр қатысушыларына таныстыруды жоспарлап отырмыз. Үш тілде шығарылған туынды ұлы ақын жайлы білмейтін шетелдік суретшілерге оқу құралы іспеттес», – дейді ШҚО Өнер музейінің қызметкері Толқын Тетепова.


Соңғы жаңалықтар