+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Өскеменде 5 көлік соқтығысты

2021 жылғы 12 маусым 14:42
Бөлісіңіз:
Өскеменде 5 көлік соқтығысты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында 5 көлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ертіс жағалауын тазарту бойынша халықаралық экологиялық акция басталды - ШҚО ШҚО-да 27  әлеуметтік-мәдени нысан салынбақ Жамбыл облысындағы күре жолда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 11 маусымда сағат 17:25 шамасында Меновное ауылының Ярославская көшесінде болған.

- SKODA маркалы автокөліктің 31 жастағы жүргізушісінің жылдамдықты шектен тыс асыруының салдарынан ГАЗ 3110, TOYOTA, MAZDА, SUZUKI көліктері соқтығысқан. Жол апаты орын алған жерге бірден полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері келіп жетті. Екі жүргізуші мен бір жолаушыға медициналық көмек көрсетілген, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT