Өскеменде 4 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында адам өлтіру күдігіне ілігіп, 4 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Нұр-сұлтан қаласында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскеменде 2015 жылдың қазан айында 1972 жылғы әйелдің мәйіті табылған болатын. Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні анықтады. Бірақ 48 жастағы қала тұрғыны 4 жыл бойы жасырынып келген.

«2020 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан және Өскемен қалалық полиция басқармаларының бірлесе атқарған шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған» - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар