+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Өскеменде 24 айыппұлы бар жүргізуші анықталды

2021 жылғы 6 тамыз 08:37
Бөлісіңіз:
Өскеменде 24 айыппұлы бар жүргізуші анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері 24 айыппұлы бар жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 10-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды Атырауда деструктивті діни ағымның 44 өкіліне 1,9 млн теңге айыппұл салынды Өскеменде биыл 16 жасөспірім өз өзіне қол жұмсамақ болған

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалада 1 тамыздан бастап «Айыппұл төле» жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр.

Шара барысында тәртіп сақшылары жол ережесін бұзып, айыппұлды төлемей жүрген көлік жүргізушілерін тоқтатады.

«Полицейлер шетелдік нөмірмен жүрген «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты. «Сергек» жүйесі арқылы тексеру кезінде жүргізушінің төленбеген 24 әкімшілік айыппұлы бар екендігі белгілі болды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 399 мың теңге. Борышкердің көлігі мамандандырылған автотұраққа қойылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, аталмыш жедел алдын алу шарасы 7 тамызға дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT