Өскеменде 239 аула қардан тазартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында аулаларды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта қаладағы 946 ауланың 239-ы қардан тазартылған. Атқарылып жатқан жұмыс барысы Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен ПИК қауымдастығының бақылауында.

Сондай-ақ, коммуналдық мекемелер ПИК қызмет көрсетпейтін аула тұрғындарына көмектесуде. Бүгінде олар 9 ауланың қарын күреп берген.

«Жеке сектордағы үйлер бойынша жұмыстар күшейтілді. Аблакетка, Сол жағалау, Красин, Үлбі кенттері мен 23-шағын ауданда қар тазаланды. Түнде автобустардың соңғы аялдамалары мен жергілікті жолдардың қары шығарылады», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар