Өскеменде 200-ге жуық жас күзде әскерге шақырылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында күзгі әскерге шақыру науқаны жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемен гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биылғы күзде екі жүзге жуық жігіт шаһарға мерзімді әскери қызметке шақырылатын болады.

Әскерге шақырылушылардың алғашқы тобы мемлекет шекарасын қорғауға аттанады. Одан кейін Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне, Мемлекеттік күзет қызметі мен ҚР Ұлттық ұланына жасақталады.

«Әскерге шақыру туралы SMS хабарлама алып,қалалық Қорғаныс істері басқармасында медициналық тексеруден өтуге келдім. Денсаулығыма еш шағымым жоқ. Болашақта Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында, десанттық шабуылдау әскерлерінде қызмет еткім келеді», – деді әскерге шақырылушы Әлинұр Заңғаров.

Осы жылдан бастап elicense.kz. порталы арқылы онлайн режимде әскерге шақырылудан босату және кейінге қалдыруға өтініш беруге болады. Шақыру комиссиясы өтінішті қоса берілген құжаттармен қарап, қорытынды шығарады.

Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар