+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Өскеменде 2 мыңға жуық үйді су басуы мүмкін - ТЖД

2020 жылғы 18 ақпан 21:50
Бөлісіңіз:
Өскеменде 2 мыңға жуық үйді су басуы мүмкін - ТЖД

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Өскемен қаласының құтқарушылары су басу қаупі бар үйлерді аралап, түсіндіру жұмысын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да көктемгі су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілді Юрий Ильин Ақмола облысының су тасқыны қаупі бар аймақтарын әуеден бақылады Алматы облысында жауын-шашын салдарынан өзендерде су деңгейі көтеріледі

Өскеменде су тасқынының алдын алу мақсатында жедел штаб құрылған. Осы уақытқа дейін 124 мың текше метр қар шығарылып, 5000 қап инертті материалдар дайындалыпты. Сондай-ақ, ұзындығы 6 шақырымнан асатын алты су өткізгіш канал мен арықтар тазартылған. Бүгінде шаһар бойынша 1965 үйді су басу қаупі бар.

«Бүгін арнайы комиссия мүшелері су тасқыны қаупі жоғары Аблакетка, Гавань, Согра және Защита аудандарын аралап қайтты. Тұрғындарға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, табиғаттың тосын мінезіне алдын ала дайын болу керектігі ескертілді. Алдағы уақытта да бұл мақсаттағы жұмыстар жалғасын таппақ», - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT