Өскеменде 15 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде 19 желтоқсан күні жоғалған 15 жастағы мектеп оқушысы іздестірілуде. Наталья Угольникованы іздестіру жұмысына еріктілер келіп қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Марина есімді еріктілердің бірінің айтуынша, олар болған жағдайды әлеуметтік желіден түнде білген. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, қыздың анасы полицияға 19 желтоқсан күні 20 сағат өткен соң хабарлаған. Полиция қызды іздеуге сол күні кіріседі.

Қазіргі таңда барлық туған-туыстарымен және достарымен байланысы анықталып жатыр.

Полиция атап өткендей, Натальяның туыстары осыған дейін ол үйінен бірнеше рет кетіп қалғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, сол күні таңғы сағат 7-де мектепке кеткенімен, білім ордасына аяқ баспапты. Туыстары полицияға хабарламастан бұрын, барлық достарынан сұрастырған. Бірақ ешқандай нәтиже бермеді. Сондай-ақ, оның әлеуметтік желідегі парақшасы өшіріліп, жаңасы ашылғаны белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар