Өскеменде 14 жыл бойы заңсыз тұрған Ресей азаматы анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 14 жыл бойы заңсыз тұрған Ресей Федерациясының азаматы жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары ұзақ уақыт бойы ел аумағында заңсыз тұрып келген ресейлікті анықтады.

«Ресей Федерациясының 45 жастағы азаматы Қазақстан Республикасына 2006 жылы келіп, 2007 жылға дейін тіркеуге тұрған. Алайда тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін де ол Өскеменде тұра берді. Осылайша, ер адам ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған», - деді Өскемен қалалық ПБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Рысбек Ырғызбаев.

Аталған факті бойынша полицейлер ӘҚБтК-нің 517-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырып, қалалық мамандандырылған сотқа жіберді.


Соңғы жаңалықтар