Өскемен жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат — Өскеменде жолдарды орташа жөндеу жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысы төрт жол бөлігінде – Бажова, Қабанбай батыр көшелері мен Ушанов даңғылы және ҮМЗ солтүстік шекарасы маңындағы айналма жол бөлігінде жүргізіледі. Жақын арада Виноградова, Ярославская және Шоссейная көшелерінде жұмыс басталады.

«Бірінші кезең – бордюрлерді бөлшектеу мен асфальт қабатын фрезерлеу. Орташа жөндеу жұмысы кезінде барлық бөліктің асфальті ауыстырылып, тротуар жасалады.

2020 жылы орташа жөндеу жұмысы жүргізілетін жердің жалпы көлемі 12 км-ден асады. Оның ішіндегі ең үлкені Бажова көшесі (Назарбаев даңғылынан Абай даңғылына дейін 5,5 км-ден асатын аумақ)», - деп түсіндірді қалалық әкімдік өкілдері.

Айта кетсек, шарт бойынша жұмыстар 31 шілдеге дейін аяқталуы тиіс. Дегенмен мердігер-мекеме жөндеу жұмысын ерте бітіруді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар