Өскемен тұрғынының атына онлайн несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласы тұрғынының атына онлайн несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалалық ПБ Үлбі полиция бөліміне Глубокое ауданының 22 жастағы тұрғыны жүгінді. Айтуынша, оның Өскемендегі танысының атына белгісіз біреу банктен 242 000 теңге онлайн несие ресімдеген.

«Бірден тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын қолға алды. Көп ұзамай күдікті қолға түскен. 45 жастағы ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар