Өскемен тұрғындары прокурорларға сапасыз салынған тұрғын үйге байланысты шағымданды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің прокуратурасына тұрғындар жаңадан салынған тұрғын үйлердің сапасыздығына шағымданды. Облыс прокуратурасы өтінішке байланысты тұрғындарды қорғап, жағдайды анықтауда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көкжал Барақ көшесіндегі №12 үй 2014 жылдың соңында пайдалануға берілген. Нысанды тұрғызумен «Алтайстрой» фирмасы айналысты. Қалалық прокуратура анықтағандай, келісімшарт бойынша «Алтайстрой» ЖШС құжатқа қол қойған уақыттан бастап үш жылға дейін жасаған жұмыстарының сапасына кепілдік береді. Фирма келісімшарттағы міндеттерін орындамаған. Бақылау ведомствосы Өскемен қалалық құрылыс бөліміне заң бұзушылықтарды жоюды тапсырды. Қаралып болғасын, мердігер ұйым тұрғын үйге қатысты мәселелерді шешуі тиіс. 

Соңғы жаңалықтар