Өскемен тұрғындары маска бағасының қымбаттығына шағымдана алады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғындарына медициналық маска бағасының қымбаттығын айтып, шағымдануға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемендіктер әлеуметтік желі арқылы кей дәріханалар мен сауда орындарында медициналық маскалардың құны шарықтап кеткенін жазуда. Осы ретте қаладағы коронавирустың таралуына қарсы құрылған штаб өкілдері азық-түлік және медициналық масканың орынсыз қымбаттағаны жайлы арыз-шағымдарды қабылдайтын Сall-орталықты іске қосты.

«Осындай фактілерді байқағандар 138 және 8 (777) 907-20-93 телефон нөмірлеріне хабарласа алады», - деп хабарлады штаб өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да күн сайын 100 мың дана медициналық маска шығарылатыны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар