+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

«Өскемен-Шемонаиха» тасжолында жол апатынан 2 адам көз жұмды

2021 жылғы 18 қазан 10:21
Бөлісіңіз:
«Өскемен-Шемонаиха» тасжолында жол апатынан 2 адам көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Екібастұзда жолаушылар автобусы 8 жасар баланы қағып кетті Елордада бір тәулікте 142 жол-көлік апаты болды Оралда көлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 17 қазан күні кешкі уақытта болған.

«Өскемен-Шемонаиха» тасжолының 52 шақырымында «ВАЗ 2109» автокөлігі мен «МАЗ» маркалы жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан «ВАЗ 2109» көлігінің 65 жастағы жүргізушісі мен 63 жастағы жолаушысы сол жерде жан тапсырған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT