«Өскемен - Семей» тасжолында келе жатқан жүк көлігі өртеніп кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Семей» тасжолында келе жатқан жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен-Семей» тасжолының 88 шақырымында келе жатқан 1993 жылғы «Iveko Fiat» маркалы жүк көлігі өртенген.

«Көлік кабинасын, доңгөлектер мен тиелген тауарларды қызыл жалын шарпыған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 30 шаршы мерді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін.

Осы ретте,құтқарушылар көлік жүргізушілеріне өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар