Өскемен өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өскемен өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі Instagram-да таратқан мәліметіне сай, Алматыда өткен додаға 17 елдің спортшылары қатысқан. Ерзат Сакабанов 57 келі салмақта өнер көрсетті, ол жақында ғана Азия чемпионы атанған еді.

Спортшы Өскемендегі №9 өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді.

«Жекпе-жек оңай болған жоқ. Ешкім өліспей беріспек емес. Алайда басымдық Ерзат Сабакаоныта болды» деп жазды ТЖД хабарламада.

Айта кетейік, жекпе-жек — грэпплинг, джиу-джитсу, еркін күрес және каратэнің арасынан шыққан дара спорт түрі.



Соңғы жаңалықтар