Өскемен қаласының жаңа логотипі әзірленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменнің жаңа логотипі әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның қалаларында елтаңба мен басқа да геральдикалық символдардың болуы қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған.

Дегенмен қарапайым, заманауи және де көркемдік мағынасы бар бірыңғай символика туристік тартымдылық пен жалпы қаланың имиджін қалыптастыруға септігін тигеді.

«Осыны ескере отырып, тиісті мамандарды тарту арқылы ресми іс-шаралар мен құжаттарда, сондай-ақ, кәдесый және басқа да атрибутиканы брендтеуде қолданылатын логотип әзірленді. Логотипте Алтай таулары мен Үлбі өзенінің Ертіске құяр сағасы бейнеленген» делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар