Өскемен автобустарына электронды билеттеу жүйесі біртіндеп енгізіліп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы қоғамдық көлікке электронды билеттеу жүйесі біртіндеп енгізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, автобустарда электронды билеттеу жүйесіне кезең-кезеңімен көшу туралы шешім қабылданған.

Бүгінгі таңда бірқатар қоғамдық көліктер жаңа жүйемен жұмыс істей бастады.

Атап айтқанда, бұл - 12, 24, 60 және 67 бағыттағы автобустар.

«Екі күнде 3 мыңнан астам жолаушы электронды билеттеу жүйесі арқылы төлем жасаған. Жүйенің жұмысы аталған маршруттарда тестілік режимде жұмысын жалғастыра бермек. Қалған автобустар әзірге жаңа жүйеге қосылмады», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен автобустарында электронды билеттеу жүйесі іске қосылатынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар