Өскемен-Алтай тасжолында көлік аударылып, 1 адам көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Алтай тасжолында көлік жыраға құлап, 1 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға бүгін таңертең «Өскемен-Алтай» тасжолының 16-шақырамында болған.

«29 жастағы ер адам Lexus көлігімен Өскеменге қарай келе жатқан. Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген ол рульді басқара алмай қалғанда көлігі жыраға құлап, аударылып түсті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көлік жүргізушісі ауыр жарақаттары салдарынан көз жұмды. Сондай-ақ зардап шеккен 19 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар