+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

ОСК төрағасы мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына қатысты пікір білдірді

2020 жылғы 21 қазан 15:25
Бөлісіңіз:
ОСК төрағасы мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев алдағы мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау заңнамасына сәйкес, мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкілеттік мерзімі аяқталуынан кемінде үш ай бұрын тағайындайды. Сайлау маслихаттар депутаттарының конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталуына кемінде бір ай қалғанда өткізілуі тиіс. 2016 жылы сайланған маслихаттар депутаттарының өкілеттігі 2021 жылы наурызда аяқталады. Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылы «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сайлау процесіндегі саяси партиялардың құқықтарын едәуір кеңейте түсетін өзгерістер енгізілді. Заңға сәйкес, мәслихат депутаттары партиялық тізімдер бойынша сайланады. Мәслихаттар депутаттарын сайлаудың пропорционалды жүйесіне көшу 2007 жылғы конституциялық реформаның логикалық жалғасы болып саналады. Сонымен бірге, республикалық және жергілікті деңгейлерде өкілді органдарды құру жөніндегі тәсілдерді бір ізге келтіреді», - деді Б. Имашев Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Сонымен қатар ол Орталық сайлау комиссиясы жаңа форматтағы мәслихаттар сайлауына дайындық аясында саяси партиялармен өзара іс-қимыл бойынша барлық қажетті шараларды қабылдағанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы бүгінгі үндеуінде атап өткендей, пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді. Бүгінде Парламент Мәжілісінің 2007-2012 және 2016 жылдардағы үш шақырылымы пропорционалды жүйе бойынша сайланды. Саяси бәсекелестіктің негізгі субъектілеріне айналып отырған саяси партиялар өңірлік дейгейде де депутаттық мандаттар үшін күреске нық сеніммен кірісуі үшін жеткілікті тәжірибе жинады. Орталық сайлау комиссиясы жаңа форматтағы мәслихаттар сайлауына дайындық аясында саяси партиялармен өзара іс-қимыл бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады, осыдан екі жыл бұрын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп отырыс өткізген болатын. Онда барлық саяси партияларға жарғылық құжаттарын заңнаманың жаңа нормаларына сәйкестендіру қажеттігі туралы хабарланған. Саяси партиялардың сайлауға дайындық уақыты жеткілікті болды», - деді ОСК төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Берік Имашев алдағы Мәжіліс депутаттарын сайлауға қатысты түсінік берді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялады.

«Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды. Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады», - деді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT