ОСК сайлаудың қорытындысын жариялады: «Nur Otan» партиясына 5 млн-нан аса дауыс берген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауының қорытындысын шығарып, саяси партияларға сайлаушылардың берген дауыстарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне 11 919 241 азамат енгізілді. Берілген бюллетеньдер – 7 539 280.

Белгілі болғандай, саяси партияларға берілген дауыс саны 7 241 562-ге жетті. Соның ішінде Қазақстан Халық партиясына 659 019 (9,10 пайыз), «Nur Otan» партиясы – 5 148 074 (71,09%), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 383 023 (5,29 пайыз), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 792 828 (10,95 пайыз), «ADAL» саяси партиясы 258 618 (3,57 пайыз) дауыс жинады.

Еске салсақ, кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария еткен болатын.
Соңғы жаңалықтар