ОСК: Қырғызстандағы президент сайлауында Садыр Жапаров көш бастап тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20:41-дегі жағдай бойынша, Қырғызстан Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидат Садыр Жапаров ең көп дауыс жинады.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекова мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

ҚР ОСК басшысы түсіндіргендей, деректер алдын ала есептеледі және автоматтандырылған санау жәшіктерінің 87% -нан алынған.

ҚР ОСК басшысы келтірген алдын ала мәліметтерге сәйкес, Қырғызстан президенттігіне үміткерлер жинаған сайлаушылар дауысының пайызы келесідей:

Жапаров Садыр – 79,44%

Исаев Канатбек – 0,58%

Арстанбек Мыктыбек – 1,63%

Сооронкулова Клара – 0,96%

Ташов Имамидин – 1,19%

Тагаев Рашид – 0,00%

Сегизбаев Абдил – 1,43%

Мадумаров Адахан - 6,53%

Касенов Аймен – 0,89%

Кочкоров Улукбек – 0,7%

Байгуттиев Женишбек – 0,09%

Абакиров Эльдар – 0,46%

Асанов Курсан – 0,49%

Абдылдаев Арстанбек – 0,08%

Джеенбеков Равшан – 0,19%

Калмаматов Бактыбек – 0,51%

Тольбаев Бабыржан – 2,24%

Иманалиев Каныбек – 0,16%

Барлығына қарсы – 1,29%.

Айта кеткен жөн, ҚР Президенттігіне үміткер сайлауда жеңіске жету үшін 50%-дан астам даусын жинауы керек. Алдын ала мәліметтер бойынша, сайлауға барлығы 1 млн 213 мың 16 адам қатысқан. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 34,4%-ын құрайды.


Соңғы жаңалықтар