Орталық сайлау комиссиясы Мәулен Әшімбаевты Сенат депутаты ретінде тіркеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Мәулен Әшімбаевты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 318 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев тіркелсін», делінген ресми құжатта.

Еске салсақ, Президент Жарлығымен Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар