+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Орталық Азия және Қазақстан теңіз университеттерінің лицензиясы тоқтатылды

2020 жылғы 22 қаңтар 22:06
Бөлісіңіз:
Орталық Азия және Қазақстан теңіз университеттерінің лицензиясы тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - университеті мен Қазақстан теңіз университеті БҒМ анықтаған бұзушылықтарды жоймаған, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Есеп комитеті Білім министрлігінің шығыстарына аудит жүргізеді Педагогикалық мамандықты таңдайтын түлектер саны артып келеді – Білім министрі Нұрсұлтан Назарбаев қоры жасанды интеллектіге арналған оқыту жобасын іске қосты

Баспасөз қызмеінің мәліметтеріне қарағанда, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарының сапалы мамандар даярлауды қамтамасыз ету бөлігіне мониторинг жүргізіп жатыр.

Бүгінгі күні Орталық Азия университеті мен Қазақстан теңіз университетінде білім беру саласындағы заңнама талаптарында бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ҰБТ-ның шекті балын жинай алмаған немесе ҰБТ сертификаттары жоқ, сондай-ақ, түсу емтихандарының нәтижесі жоқ талапкерлерді қабылдау жағдайлары орын алған.

Аталған университеттерде білім беру үрдісі толығымен сапалы профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілмеген.

Нәтижесінде түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие болмай қалады. Кадрларды даярлаудың көптеген бағыты бойынша жұмысқа орналасу пайызы белгіленген нормаларға сәйкес келмейді, яғни 50%-дан кем.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 2019 жылғы 3 желтоқсанда аталған ЖОО лицензияларының қолданылуын тоқтату туралы қаулы қабылдады.

Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының Комитет шешімдеріне шағымдануы бойынша сот процестері жүріп жатыр.

Фото: talapker.online
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT