Орталық Азия елдерімен тауар айналымын 70 млрд долларға жеткіземіз – Си Цзиньпин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин өз елінің Орталық Азиямен арадағы тауар айналымын 70 млрд долларға жеткізуге құлықты екенін жеткізді, деп хабарлайды.

«Біз Орталық Азияның сапалы тауарлары мен ауылшаруашылық өнімдері үшін Қытайдың ауқымды ішкі нарығына кеңінен жол ашуға дайынбыз. Орталық Азия мен Қытай арасында сауда форумын өткізсе жақсы болар еді. Біз 2030 жылға Қарай Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымын 70 млрд долларға дейін арттыруға күш саламыз. Электронды коммерция саласында әріптестік орнату бойынша диалог тетігін құрып, қажет болған жағдайда индустриялық-инновациялық әріптестік форумын өткізуді ұсынамыз», - деді Қытай басшысы.

Шара барысында ҚХР Төрағасы Қазақстандағы қаңтар трагедиясы туралы пікір білдірді.

«Біздің бәріміз сыртқы күштердің аймақтағы түрлі-түсті төңкерістердің қолтығына су бүркіп, «адам құқықтары» сылтауымен ішкі істерімізге араласу, халықтарымыздың тыныш өмірін бұзу талпыныстарына үзілді-кесілді қарсы тұрамыз. Жақында Қазақстанда болған тәртіпсіздіктер адам өліміне және материалдық шығындарға әкеп соқтырды», - деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда .

Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.


Соңғы жаңалықтар