Өрт сөндіру машинасының жүргізушісі: Өзіне сенімділер ғана бұнда қызмет етеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат тілшісі Құтқарушылар күніне орай төтенше жағдайлар қызметінің мамандары туралы мақалалар сериясын ұсынады. Бүгінгі кейіпкеріміз – өрт сөндіру машинасының жүргізушісі Юрий Мак.

Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушілері әрқашан көмекке келуге дайын болып қана қоймай, өздерінің қызыл темір тұлпарларын толық жауынгерлік әзірлікте ұстайды.

Өрт салдарын және өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде техниканың рөлін ерекше бағалау қиын. Жеке құрамды жеткізуден, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өрт сөндіргіш заттарды беруге дейін бұл күрделі қызметте жүргізушілердің атқарар рөлі маңызды.



Жүргізушілер арнайы көлікті өздері жөндейді. Сондықтан, гаражға кіргенде, оларды қолына құрал-сайман ұстап жүргенін немесе тіпті машинаның астында жөндеу жасап жатқанын жиі көреуге болады. Өрт сөндіру автомобильдерін әрдайым техникалық жарамды күйде ұстау – ерекше маңызды. Ештеңені кейінге қалдыруға болмайды, жөндеу жұмыстарын немесе шығын материалдарын ауыстыру кейінге шегерілмейді. Себебі қажет уақытта көлік жабдығы істен шығуы мүмкін, ал оның жарамдығынан адам өмірі байланысты.

Әдетте, жүргізушілер өзіне сеніп тапсырылған бөлімшедегі барлық автомобильді, олардың барлық әлсіз және күшті жақтарын жақсы біледі, әрдайым жаңадан келген жүргізушілермен бөліседі. Өрт күзетіне сенім болмаса, қызмет ету мүмкін емес. Жауынгерлер оқиға ошағына үнемі бір тізбекпен, бір-біріне сүйене және сеніп артып кіреді. Және оларды оқиға орнына жеткізетін, суды беруді реттейтін жүргізушілерге де дәл сондай сенім артады.


«Дабыл бойынша кезекші қарауылмен бірге шығып, әрқашан жоғары жауапкершілікті сезінесің.

Біріншіден, қарауылды шақыру орнына барынша тез, ал екіншіден, ұқыпты жеткізу керек. Өйткені, қарапайым автокөліктер қозғалатын жалпы қалалық көше жолдарында жүру оңай емес. Шыны керек, маневр жасайтын техника емес. Жарқыраған маяктарға, сиреналарға, белгілерге және жарқыраған түстерге қарамастан, біреу сізді байқамай қалуы мүмкін екенін ұмытпау керек. Мысалы, кейбір адамдар қатты музыка тыңдайды немесе телефонмен сөйлеседі. Ол адам мені өткізбеуі мүмкін. Соңында кінәлі мен боламын. Өйткені олар мені көріп, жол беріп тұрғандарына көз жеткізуім керек.

Өкінішке орай жеңіл көлікпен соқтығысқанда, бір әріптесім зардап шеккен. Ол да біз сияқты өрт болған жерге асығып бара жатты, өрт сөндірушілерді тез жеткізуі керек болды. Бұл оқиға әрқашан есімде және жастарға да айтып отырамын», – деп бөлісті өз тәжірибесімен Қарағанды қаласының мамандандырылған жасағында жұмыс істейтін өрт сөндіру автомобилін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы-жүргізуші, азаматтық қорғау аға прапорщигі Юрий Мак.

Мамандандырылған техника жүргізушілері тұрғын үй аулаларында да көптеген қиындыққа тап болады. Әдетте, аула жолы тар болғаны аздай, сонымен қатар көбінесе жеңіл көліктерге де толып тұрады. Бұл жағдайда тек абайлап жүру ғана маңызды емес. Егер адамдарды құтқару немесе өрт сөндіргіш заттарды беру үшін баспалдақ ұсыну қажет болса, онда автосатыны «табанға» орнату керек. Ал олардың көлемі 4 метрден асады. Міне, осындай кезде тар аулада орын таңдауға тырысу қажет. Бір сөзбен айтқанда, арнайы техникамен жұмыс істеу асқан дайындықты қажет етеді.

Өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері – бұл жай жүргізушілер емес, олардың әрқайсысы өз ісін сүйетін және білетін кәсіпқой жандар. Бұл қызметте басқаша болмайды.

Қазан айында құтқару машиналарының жүргізушілері бірден екі кәсіби мерекені – 19 қазанда Құтқарушылар күні мен Қазақстанда жыл сайын қазанның соңғы жексенбісінде атап өтілетін Автомобилист күнін атап өтеді.

Барлық жүргізушілерді мерекелерімен құттықтаймыз. Оларға кез келген ауа райында жақсы жол және әр сапардан аман-есен оралуды тілейміз!


Соңғы жаңалықтар