Өрт салдарынан «АрселорМиттал Теміртау» домна пешін тоқтатты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында «АрселорМиттал Темиртау» металлургиялық комбинатында қайнап тұрған шойынның төгілуі салдарынан ірі өрт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
Апат Индустриализация күнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың телекөпір арқылы қатысуымен ашылған №4 жаңартылған домна пешінің жұмысында орын алған.

«8 желтоқсан күні сағат 22.01-де №4 домна пешінде балқытылған шойын тасымалданатын шөміштің жануы салдарынан болған.  Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп, ДП-4 уақытша тоқтап тұр. Өрт салдарынан кабель зақымданған», - деп баяндады оқиғаны компанияның баспасөз қызметі.

Зардап шегушілер жоқ. «Өрт қызметкерлер жұмыс жүргізбейтін аумақта орын алды», - деп қосты «АрселорМиттал Темиртау» баспасөз қызметі. Ірі апат түсірілген видео әлеуметтік желілерге тарап кетті. Куәгерлердің айтуынша, шөміштің жануы салдарынан аулаға қайнап тұрған шойын төгілген. Салдарынан кабель жанды. Отты бірнеше өрт сөндіру машиналары өшірген.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсанда Индустрализация күні болған телекөпір барысында Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ №4 жаңартылған домна пешін іске қосқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар