Өрт қауіпсіздігі: Елордада жеке секторда тексеру жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Cұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы қала аумағындағы жеке сектор бөлігі өрт қауіпсіздігі бойынша тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорданың жеке секторында жылыту маусымы кезеңінде өрттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр», - деді Еркін Отарғалымұлы онлайн режимдегі брифингіде.

Оның айтуынша, өткен кезеңде 42 мыңнан астам ауланы аралап, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынама таратылды, 55 мыңнан астам адамға нұсқау берілді.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп келеді. «Астана ЕРЦ» ЖШС көмегімен коммуналдық қызметтерді төлеу туралы түбіртектерде 325 мың дана көлемінде пешпен жылытуды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі бойынша жадынама орналастырылған. Өртке қарсы тақырыпта билбордтар және баннерлерде орнатылды», - деді басқарма басшысы.

Қалалық ПИК қауымдастығымен және аудандық әкімдіктермен өзара іс-қимыл кезінде ПИК төрағаларымен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер өткізілді. Тұрғындардың жалпы үйлік чаттары, WhatsApp-та ата-аналар чаттары белсенді пайдаланылады, олар тұрғындарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары және балалардың отпен ойнауының алдын алу туралы хабардар етеді.

Оның сөзіне қарағанда, Білім басқармасымен бірлесіп қаланың барлық білім беру ұйымдарының басшыларымен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізілді, оның барысында балалардың жарақаттануы мен балалардың отпен ойнауының алдын алу мәселелері қаралды.


Соңғы жаңалықтар