Ордабасы ауданында тәулігіне 120 мың қыш өндіретін зауыт іске қосылады

None
None
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Ордабасы ауданында биыл желтоқсан айында «Индустриаландыру картасы» аясында 2 жоба жүзеге асырылады. Жаңа жобаға сәйкес, тәулігіне 120 мың қыш өндіретін зауыт салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа озық технологиямен жабдықталған «Bokei» қыш зауытының жобалық құны 2 млрд 600 млн теңгені құрайды. Кәсіпорында 60-қа жуық азамат жұмыспен қамтылмақ. Аталған қыш зауытының қуаты тәулігіне 120 мың дана болмақ.

Аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың айтуынша, тағы бір жобаға сәйкес «Александровский сад» көкөніс сақтау қоймасы ашылады. Нысанның жалпы құны 800 млн теңгені құрайды. Онда 15 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Аталған қойма аудан шаруаларының өнімдерін сақтауға ыңғайлы орын болмақ.

«Ағымдағы жылдың 9 айында ауданға 15 млрд 296 млн теңге инвестиция тартылып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 млрд 731 млн теңгеге артты. Сонымен қатар, аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 10 954. Оларда 16 669 адам жұмыспен қамтылған. Өндіріс саласында жалпы 39 кәсіпорын жұмыс жүргізуде. Есепті кезеңде осы кәсіпорындармен 1 млрд 599 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 353 млн теңгеге артты», - деді Бағлан

Дәнебекұлы.

Аудан экономикасының жетекші бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы екені белгілі. Бұл сала бойынга жалпы өнімінің көлемі 9 айда 50 млрд 372 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 млрд 381 млн теңгеге ұлғайған.


Соңғы жаңалықтар