Оралдағы аутизм орталығына көршілес өңірлерден де балалар келеді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы «Асыл Мирас» аутизм орталығына көршілес өңірлерден де балалар келеді. Бұл туралы Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған шаралар барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен «Асыл Мирас» аутизм орталығында ашық есік күні өтіп, алты бағдарлама бойынша жасалып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Аталмыш орталықтың супервайзері Айнагүл Есенғалиеваның айтуынша, қазіргі кезде 200-ге жуық балаға дәріс берілуде. Бір курсқа 30-40 бала алынады. Оларға келген кезде диагностика жасалады. Содан кейін алты бағдарлама бойынша әр педагог баламен жеке жұмыс жасайды. Ол аптасына үш рет сабақ береді. Диагностикалық тексерулерін, функционалдық талдауларын санамағанда, үш айда 36 сабақ беріледі.

«Барлық оқыту тәсілдеріне ата-аналар бірге қатысады. Бұл балаларды бейімдеумен бірге ата-аналардың алған білім-тәжірибесін әрі қарай пайдалануы үшін керек. Бұл Ақтөбеден басқа батыс өңірге ортақ орталық болып есептеледі. Сондықтан бізге Маңғыстау, Атырау облыстарынан келеді. Алыс ауыл-аймақтардан келетіндер үшін, мысалы, жаз мезгілі қолайлы», - дейді А.Есенғалиева.null

Оның сөзіне қарағанда, баланың бейім-қабілетін дамыту үшін ерте бастаған, дүниеге келген күннен бастаған дұрыс. Алайда көбі бірден келмей, уақыт созып алады. Сондықтан үш жастан жоғарылар арасында кезек көбейіп кетеді.null

Аутизм күні аясында сондай-ақ қаладағы №21 орта мектепте «Әр бала мектепке баруға лайықты» деген тақырыпта конференция өтіп, мамандар пікір алысты.null

Бұл мектепте жеті аутист бала тәжірибе түрінде арнайы сыныпта оқиды. Олар басқа оқушылармен бірге мектепке келеді. Содан кейін маман-педагогтар сабақ береді.

Суреттерді түсірген Оксана Каткова

Соңғы жаңалықтар