+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Оралда жүкті келіншек отырған жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

2021 жылғы 27 мамыр 17:02
Бөлісіңіз:
Оралда жүкті келіншек отырған жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жүкті келіншекті ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстаудағы жол апатынан 5 адам қаза тапты Таразда жеңіл көлік жүргізуші төрт адамды қағып кетті, екеуі көз жұмды Алматы облысында көлік қағып көз жұмған жаяу жүргіншінің аты-жөні анықталмай жатыр

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда,оқиға бүгін шамамен сағат 13.47-де болды.

С.Тюленин мен М.Шолохов көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі мен Toyota Aiphard түйіскен.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, Бәйтерек ауданы Дариян ауруханасының санитарлық көлігі екіқабат әйелді кардиологтан кеңес алу үшін облыстық кардиологиялық орталыққа апара жатқан.

Көлікте аурухана медбикесі де болған. Арнайы көлік жарық беру белгілерімен келе жатса да, көліктердің бірі оны өткібей, сол жағынан түйген.

Салдарынан жедел жәрдем көлігі бір бүйіріне аударылып қалды.

Оқиға орнына жеткен басқа жедел жәрдем көлігі жүкті келіншекті облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді.

Тексеру кезінде оның және 35-36 апта болған шарананың зардап шекпегені анықталды. Дегенмен одан әрі бақылау үшін әйел орталыққа жатқызылды.

Жүргізуші зардап шекпеген. Медбикенің аздап денесі көгерген.

Полиция департаментінің хабарлауынша, сол мерзімде Абай даңғылында тағы бір жол-көлік оқиғасы болған.

Volkswagen Golf автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпестен, белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 1952 жылғы ер адамды қағып кеткен.

Денсаулық сақтау басқармасы жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған ер адамның қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенін айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT