Оралда жол апатынан екі адам көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда екі автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін шамамен сағат 16.15-те Абай даңғылы бойында болған.

«Тойота» орталығы тұсында «Мерседес» пен «Лада Приора» автокөліктері түйісті.

Соның салдарынан «Лада Приора» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен 21 жастағы жолаушы әйел қаза тапқан.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БҚО полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін бұзбау керектігін еске салады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 17.05-те шақырылды.

22 жастағы жігіт медициналық көмектен бас тартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын КамАЗ бен жеңіл көліктің соқтығысқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар