Оралда жоғалып кеткен әйел ауылдан табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен әйел ауылдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 39 жастағы Әсемгүл Жұмағұлова Жаңақала ауданы Қызылоба ауылында жүрген болып шықты.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында оның телефон байланысы Жаңақала ауданы аумағынан шыққаны белгілі болды. Содан кейін Жаңақала ауданы учаскелік полиция инспекторларының көмегімен оның жүрген жері анықталды.

Ауылдағы таныстарына барған әйел үйіне қайтарылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда із-түзсіз кеткен әйелдің алты күннен бері табылмай жатқанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар