Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз аман-есен табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын ҚазАқпарат жазғанындай, Қарақат Арыстанғалиева 5 мамыр күні сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен оралмаған болатын.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Қарақат бүгін түнгі сағат 01.00 шамасында құрбысының үйінен табылды.

«15 жасар қызды Орал қаласы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы тапты. Қазір жасөспірім өзінің үйінде. Оның жеке басына қатысты болғандықтан, қалған мәлімет таратылмайды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 15 жасар қыздың іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар