+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Оралда жаңа катерлер суға түсірілді

2021 жылғы 15 маусым 15:46
Бөлісіңіз:
Оралда жаңа катерлер суға түсірілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда «Махамбет батыр» және «Исатай батыр» шекара катерлері Шаған өзеніне түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің батысындағы екі облыстың ХҚО-лары бес күндік жұмыс аптасына көшеді

Аталған катерлер «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-да «Қайсар» жобасы бойынша құрастырылған.

Салтанатты рәсімге қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиевтің атап өткеніндей, «Зенит» зауыты 1993 жылдан бері кеме-катерлер шығарып, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға қомақты үлесін қосып келеді.

«Катерлер теңіз шекарасын, Қазақстанның экономикалық мүддесін қорғауға, лаңкестік әрекеттердің, балықты заңсыз аулаудың және тауарлардың заңсыз тасымалының жолын кесуге арналған. «Зенит» зауыты – елімізде катерлер мен кемелерді шығаратын бірден-бір отандық кәсіпорын. Алдағы уақытта да оның келешегі жарқын болатынына сенемін», деді өңір басшысы.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі басқармасының бастығы, 1 рангалы капитан Сабыр Хасанов «Зенит» зауытында жасалған кемелердің Каспий теңізінде ел шекарасын абыроймен қорғап келе жатқанын жеткізді.

«Қайсар» жобасы бойынша жасалған аталған катерлер де Каспий теңізінде пайдаланылатын болады. Оның ұзындығы 14 метрдей, ені 3,5 метрдей. Су ығыстырылымы 15 тоннадай болатын катер жылдамдығын 35 узелге дейін үдете алады. Катерде экипажға (4 адам) қоса қосымша 4 қызметкер орналаса алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда құрастырылған «Түркістан» шағын күзет кемесінің суға түсірілгенін жазған болатынбыз.

Суреттерді түсірген Рафхат Халелов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT