Оралда Toyota Camry алты жасар бала мен ер адамды қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Toyota Camry көлігі алты жасар бала мен ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 18 қараша күні сағат 15.29-да Сырым Датұлы көшесі бойында «Астана» сауда үйі аялдамасында болды.

23 жастағы жүргізуші автокөлігімен алты жасар бала мен 33 жастағы ер адамды қағып кеткен.

Жол оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақатын алған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға, бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі кезде полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатынан 10 жасар баланың қаза тапқанын, екі жүк көлігінің арасына қыстырылып қалған жүргізушінің мерт болғанын жазған едік.




Соңғы жаңалықтар