Оралда төртінші қабаттан секірмек болған 32 жастағы әйел құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда төртінші қабаттан секірмек болған 32 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 27 қазан күні болды.

Сағат 14.30-да 32 жастағы азаматшаның төртінші қабаттан секірмекші болып тұрғаны жөнінде хабар түскен.

Деректер бойынша оның психикалық аурулар ауруханасында есепте тұрғаны анықталды.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағы, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ және апаттық медицина орталығы қызметкерлері техникаларымен жедел жетті.

Әйел құлап, жарақат алмас үшін құтқарушылар сол терезенің астына шатыр жайды. Тағы бір құтқарушы бесінші қабаттан түсіп, сағат 15.22-де әйелді пәтер ішіне кіргізіп алды. Сондай-ақ оған психологиялық көмек көрсетілді.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да үй өртеніп, газдан уланған әйелдің қаза тапқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар