Оралда тәуелсіздік жылдары 18 жаңа шағынаудан бой көтерді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында тәуелсіздік жылдары 18 жаңа шағынаудан бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Абат Шыныбековтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, қазіргі таңда қала аумағы 720 шаршы километрді құрайды. Қала құрамында Зачаган, Круглоозерный, Деркөл кенттік округтері, сондай-ақ Желаев селолық округі бар.

Қала әкімінің сөзіне қарағанда, отыз жыл ішінде Зачаган кентінде Сарытау, Жақсы ауыл, Кең дала, Болашақ, Арман, Көктем, Балауса, Деркөл кентінде Көкжиек, Сарыарқа шағынаудандары, қаланың өзінде Қонаев, Қадыр Мырза Әли, Астана, Жаңа Орда, Бәйтерек, Жеңіс, солтүстік-шығыс, Ескі аэропорт, Жұлдыз шағынаудандары құрылды.

1991 жылы қала халқының саны 238 мың адам болса, биыл 322 мыңға жетіп, 35 пайызға өсті.

«Қаланың өнеркәсіп өндірісінің көлемі тәуелсіздік жылдары 264,8 млн теңгеден 183,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 112 млн теңгеден 107,5 млрд теңгеге дейін көбейді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1994 жылы 360,7 млн теңге болған. Қазір бұл көрсеткіш 10,5 млрд теңгеге дейін жетіп, 29,3 есеге артты. Жалпы, шаһардың бюджеті 1998 жылы 722 млн теңге болса, 2021 жылы 42,9 млрд теңгені құрады. Қаланың даму бюджеті -19 млрд теңге, өсім 1998 жылмен салыстырғанда -24,5 есе», деді А.Шыныбеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 464 млрд теңгеге сегіз жаңа жоба іске қосылғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар