Оралда саябақта тоқтап қалған аттракционнан 18 адам құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағында айналып тұрған аттракцион тоқтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқыс оқиға 19 маусым күні сағат 20.25-те болған.

Істен шыққан аттракционда адамдар болған. Оларды құтқаруға жедел құтқару жасағынан 8 қызметкер, 2 техника, департаменттен 10 қызметкер, 6 техника жұмылдырылды. Басқа да қызметтердің күштері келіп жетті.

null
Барлығы 18 адам құтқарылса, соның алтауы - бала.

«Айта кетейін, автобаспалдақтың өтуіне саябақта тұрған автокөліктер кедергі келтірді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ», - деді ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз қызметінен Жәдігер Құсайынов.


null null
Еске сала кетсек, Рудный қаласында шолу дөңгелегінің дұрыс айналмай тұрғанына қатысты шағымдар түскен еді. Кейін сот шешімімен жаңадан салынған аттракцион жұмысы уақытша тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар