Оралда салынып жатқан нысаннан cәби табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 26 маусым күні кешкісін 4-шағынаудандағы № 24 орта мектеп ғимараты жанында салынып жатқан коттеджден сәби табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, аталған нысанның күзетшісі  баланың даусын естіп, сол жерге барғанда, үстінде көгілдір конверті бар, одеялоға оралған сәбиді көрген. Күзетші цемент үстінде жатқан шақалақты көтеріп алып, сол маңда серуендеп жүрген әйелден жедел жәрдем мен полицияны шақыруын өтінген. Сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы іздестіру жұмыстарына кірісті. Сақшыларға жәрдемдескен Дик есімді қызметтік ит кинологты 30/2 мекенжайындағы үйге алып барған. Сол маңдағы үйлердің пәтерлері де қаралды.

Қазіргі кезде баланы тастап кеткен адам әлі табылған жоқ, бірақ іздестіру жұмыстары жалғасуда. 

Соңғы жаңалықтар